ЕО тұрғындарының 80% тауарды интернет арқылы сатып алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Интернет арқылы тауар мен қызметті пайдаланушылар саны күн өткен сайын көбейіп барады. Мұнда еуропалық елдердің тұрғындары көш басында. Олар барлық интернет пайдаланушылардың 80% құрап отыр.


Бұл туралы БҰҰ-ның Сауда және даму конференциясының жаңа баяндамасында белгілі болды. 
Электронды саудадағы әлемдік лидерлер тізімінде еуропалық елдер он позицияның сегізінде алғашқы орындарды иемденген. Бірінші орында - Нидерланды, ал екінші -Швейцария. "Үздік ондыққа" еуропалық емес елдерден тек Сингапур (үшінші) мен Австралия ғана (10 орында) енді, - делінген баяндамада.
  
Сарапшылардың айтуныша, электронды сауда экономикалық дамуға үлкен мүмкіндік туғызады, бірақ оның басымдығын кедей елдердің басым бөлігі пайдалана алмай отыр. Яғни,еуропалық елдердің жартысы желі арқылы 80%-дан астамы сауда-саттық жасаған болса, табысы төмен және орташа мемлекеттердің үлесі 10% ғана құраған.

Баяндама авторларының атап өтуінше, 2017 жылы электрондық коммерцияның жаһандық нарығы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 22%-ға өсіп, айналымы 3,9 трлн долларды құрады. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы