ЕО Ресейдегі санкциялардың қашан жойылатынын айтты

ЕО Ресей Украинадан әскерін шығарған соң ғана оған салынған санкцияны алып тастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
DW мәліметіне сәйкес, бұл туралы шетел істері мен қауіпсіздік саясаты бойынша еуропалық комиссияның ресми өкілі Анитта Хиппер мәлімдеді.
Анитта Хиппердің айтуынша, "Украинадағы ресейлік арандатылмаған және ақталмаған агрессияны тоқтату" және РФ бүкіл әскерін ел аумағынан шығару ғана "санкцияны өзгертудің немесе жоюдың маңызды алғышарттарының біріне айналар" еді.
Путин берік бейбітшілікті қалайтынын айтады. Алайда Ресей күн сайын өлім мен бассыздықтарға жол береді, - деді Хаппер.
ЕО әлі күнге оның соғысты жүргізу қабілетін әлсірету үшін санкцияны қоса алғанда, барлық қолжетімді құралдарды қолдана отырып, Ресейге қысым көрсетуге ниетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Гавай аралында әлемдегі ең биік жанартау оянды
Өзгелердің жаңалығы