24 Қараша 2026, 04:27
Фото: depositphotos.com
ЕО Ресей мен Беларусьтің 100-ге жуық тұлғасы мен ұйымына санкция салмақ
Бұл бастама Еуропалық одақтың Ресейге қарсы 22-санкциялар пакетінің жобасына енгізілген.
Еурокомиссия Ресей мен Беларусьтің әскери-өнеркәсіптік кешендерімен байланысы бар 100-ге жуық жеке тұлға мен ұйымды санкциялық тізімге енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Еуродипломатия басшысы Кая Каллас X әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Бұл бастама Еуропалық одақтың Ресейге қарсы 22-санкциялар пакетінің жобасына енгізілген. Енді құжатты ЕО-ға мүше елдер талқылайды.
Жаңа шектеулер күшіне енуі үшін санкциялар пакетін Одаққа мүше барлық мемлекет мақұлдауы қажет. Бұған дейін Еурокомиссия құжатты желтоқсан айының соңына дейін қабылдауға шақырған болатын.