ЕО Молдоваға реформалар үшін 1,9 млрд еуро бөледі – Макрон
Еуропалық Одақ Молдовада «еуропалық реформаларды жүргізу» мақсатында алдағы екі жылға 1,9 млрд еуро бөледі. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Кишиневте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Интерфакске сілтеме жасап.
Ол Германия канцлері Фридрих Мерц және Польша премьер-министрі Дональд Тускпен бірге Молдованың Тәуелсіздік күніне орай ел астанасына келген.
Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон бұл сапарды елдің ішкі істеріне араласу деп бағалады. Сарапшылардың пікірінше, әсіресе Приднестровье мәселесін күшпен шешу әрекеті басқа мемлекеттердің қатысуымен ірі шиеленіске әкелуі ықтимал.
Айта кетейік, бұған дейін Молдова президенті Майя Санду 2030 жылға қарай елдің ЕО-ға мүшелікке өтуін басты мақсат ретінде атаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлиев: Армения бейбіт келісімнен шегінсе, салдары ауыр болады
Өзгелердің жаңалығы