ЕО елдерінің көпшілігі Брюссельді ауғандықтарды депортациялауды күшейтуге шақырды

ЕО-ға мүше 19 мемлекет Еуропалық комиссиядан ауған мигранттарын депортациялау шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап.

Құжатқа Бельгия бастамашы болды және оған Германия, Болгария, Кипр, Эстония, Финляндия, Греция, Венгрия, Ирландия, Италия, Литва, Люксембург, Мальта, Австрия, Польша, Словакия, Швеция, Чехия, Нидерланды қол қойды.

Мәлімдемеге ЕО мүшесі емес, бірақ Шенген аймағына кіретін және ЕО-ның баспана жөніндегі агенттігімен ынтымақтасатын Норвегия да қосылды.

Хат авторлары 2024 жылы Еуропалық Одақ ауғандықтарды отанына қайтару туралы 22 870 шешім шығарғанын, бірақ нақты 435-і ғана депортацияланғанын атап өтті. Келісімге қол қойған елдер Ауғанстаннан мигранттарды ерікті және мәжбүрлі түрде қайтару мәселесі ЕО деңгейінде "ортақ жауапкершілік" ретінде қарастырылуын талап етеді.

Олар сондай-ақ ауғандықтарды, әсіресе "қоғамдық тәртіпке немесе ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін" депортациялаудың қосымша құқықтық және практикалық нұсқаларын зерттеуді ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы