Еңлік-Кебек көшесіндегі учаске толығымен жабылды
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Еңлік-Кебек көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.infoсілтеме жасап.
Осыған байланысты, 16-17 қыркүйек аралығында Болашақ көшесінен 189 көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы