Энергия үнемдеу саясатында Голландия тәжірибесі қолданылады – вице-министр
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Энергия тиімді жабдықты ілгерілету үшін биыл «Энергия үнемдеу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар аясында біз Голландия тәжірибесі бойынша «энергия тиімді» мемлекеттік сатып алу тетігін енгіздік. Осы тетікпен қатар, заңда мемлекеттік бақылау, энергия аудиті жүйесі жетілдірілді, бюджеттік секторда реттеу күшейтілді. Осылайша, біз мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің ұғымын кеңейттік, оған сәйкес бюджеттік сектор ұйымдарын толық қамту және олардың энергия тұтыну мониторингі қамтамасыз етілмек, – дейді Қарабаев Астанада өтіп жатқан IV Халықаралық энергия үнемдеу Форумында.
Вице-министр еліміздің халықаралық ұйымдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелерін дамытуға және ілгерілетуге белсенді қатысатынын атап өтті.
Бүгінгі таңда БҰҰ Даму бағдарламасымен (энергия тиімді жарықтандыруды ілгерілету) және Дүниежүзілік банкімен (Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру) 25 млн доллар сомасына 2 жоба іске асырылды. БҰҰ Даму Бағдарламасының 17,7 млн доллар сомасымен 3 жобасы іске асырылу сатысында. Сондай-ақ осы жылы Еуропалық Одақ пен Германия үкіметінің қолдауымен энергияны бірдей қажет ететін секторларға – ғимараттар мен көлікке бағытталған жобалар іске қосылады, – деді Марат Қарабаев.