"Энергия көзі бола алмайды". Министр Мұхтар Жәкішевке жауап қайтарды
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев "табиғи газ электр энергия тапшылығы мәселесін шеше ала ма" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілі министрден "Қазақатомөнеркәсібінің" бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев елімізді энергиямен қамтамасыз етуді табиғи газ арқылы шешуге болады дейді. Қазақстанда жыл сайын жылына 9 млрд текше метр газ жағылады деген рас па?" деп сұрақ қойды.
Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, Қазақстан 340-300 млн м3 газ жағады.
Бұл жалпы пайдаланатын газдың шамамен 1%. Сондықтан бұл газ генерациясының көзі бола алмайды. Бізде газ генерациясының дамытудың тұжырымдамасы бар. Мен бұл туралы айтқамын. Мәселен, Алматы энергетикалық кешені бар. Онда ГВТ электр қуатын өндіретін газ станциясы салынған. Олар энергия көзімен тұрақты қамтамасыз етеді. Газ көмірге қарағанда экологиялық жағынан таза. Бірақ одан көмірқышқыл газы тарайтынын ескерсек, алайда көміртекті бейтараптылық мәселесін шешу жағын ескерсек, (газ генерациясы) атом элергетикасы сияқты тиімді механизм бола алмайды. Сондықтан біз Қазақстанда газ генерациясы, атом генерациясы, жаңартылатын энергия көздері болуы керек деп санаймыз. Біз өндіретін көмір өте арзан. Көмір генерациясы электр бағасының балансын сақтауға мүмкіндік береді, - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Сондай-ақ Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде АЭС салынса, қанша жұмыс орны ашылатынын айтқан болатын. Министр атом энергетикасын дамыту үшін елімізде бүкіл қажетті жағдайлар бар екенін айтқан болатын.