Энергетиктер қанша жалақы алады

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев энергетика саласының мамандарының айлығы қанша теңге екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Саладағы жалақы қазіргі күні шамамен 180 мың теңге. Алайда 350 мың теңгеден астам жалақы алатын білікті диспетчерлік қызметкерлер де бар. Бірақ салада жалақы айтарлық төмен, - деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуына қарағанда, сала мамандарының жалақысында өңір бойынша да айырмашылық бар.

Кейбір өңірлерде жалақыны орташа деңгейге жеткізу үшін екі есе көтеру керек. Ол әсіресе өндірістегі мамандарға қатысты, - деп түсіндірді Сәтқалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы