Атырауда бала энергетикалық тәтті жеп уланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 жастағы бала Flush UP энергетикалық кәмпиттің бірден 7-8 данасын жеген. Өндіруші компания жағдайға қатысты мәлімет жасады. 

Атырау балалар ауруханасының дәрігерлері энергетикалық кәмпит жеп уланған баланы құтқарды, деп хабарлады Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы. 

Хабарлама бойынша, 19 желтоқсан күні сағат 19:30-ға таман облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне 2009 жылы туған бала ес-түссіз, ауыр халде жеткізілген. Ата-аналары баланың жағдайына қатысты дәрігерлер сұрағына нақты жауап бере алмаған. Бала шұғыл түрде реанимациялық бөлімшеге жөнелтілген. 

Науқасты тексергеннен кейін дәрігерлер "құрамында кофеин бар тәттіден уланған" (Flush UP) деген қорытындыға келген. Содан кейін қарқынды терапия палатасында баланың асқазанын тазалаған. Қуанышқа орай, бала бір сағатта өзіне келіп, ес жинаған. Науқас келесі күні педиатрия бөліміне ауыстырылды, - делінген хабарламада. 

Баланың сөзінше, ол мектептен кейін дүкеннен 7-8 дана Flush UP атты энергетикалық тәтті сатып алып, барлығын бірден жеген. Біраз уақыттан кейін жағдайы нашарлап, есін жоғалтқан. 

Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық. Ол үйіне жіберілген. 

Өз кезегінде, өңірде осы тәттіні таратумен айналысатын компанияның өкілі Max Elite дәрігерлердің бұл қорытындысын жоққа шығарды. 

Таратып отырған ақпараттарыңыз жалған, себебі біздің өнімде кофеин жоқ, - дейді компания өкілі Махамадалиев Свидбе.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы