Энергетикалық сусынды шамадан тыс ішкен турист құтқарылды

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері саяхатшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, түн ішінде трассалық медициналық-құтқару пунктіне Алматыдан Қарағандыға келе жатқан автомашина жолаушыларының бірінің денсаулығы нашарлағаны туралы шақырту келіп түскен.

Жедел әрекет ету бригадасының дәрігерлері 1981 жылы туған ер адамға 2 банка энергетикалық сусын ішкеннен кейін пайда болған, жіті панкреатит диагнозын қойып, медициналық көмек көрсеткеннен кейін зардап шеккенді Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді.

ТЖМ Апаттар медицинасы қызметі ескертеді: энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну сіздің денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы