Энергетикалық дағдарыс: Кубада электр қуаты толығымен сөніп қалды

Кубада ұлттық энергетикалық жүйе толық істен шықты. Бұл туралы елдің Энергетика және тау-кен министрлігі ресми мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық энергетикалық жүйе толығымен өшірілді, - делінген ведомствоның Facebook парақшасындағы хабарламада.

Алдын ала деректерге сәйкес, жарықтың сөнуіне Матанас қаласындағы жылу электр станциясының істен шығуы себеп болуы мүмкін.

Министрлік қазіргі таңда ең қажетті инфрақұрылым нысандарына қызмет көрсету үшін арнайы микрожүйелер іске қосылғанын атап өтті.

Bloomberg-тің мәліметінше, бұл Кубада соңғы бір жылдың ішінде тіркелген төртінші ауқымды ажырату. Жиі қайталанатын энергетикалық дағдарыстар елдің экономикасына ғана емес, халықтың күнделікті тұрмысына да үлкен қиындық туғызуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы