Энергетикалық сусындар есірткінің жаңа түрі ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тағамтанушы әрі диетолог маман Жанна Нұрберген энергетикалық сусындардың зияны мен тәуелділікке алып келуі, өзге де әсері туралы видеосұхбатта айтып берді. 

Оның айтуынша, газдалған және энергетикалық сусындарда кездесетін синтетикалық қант және басқа дәрумендердің таза өнімдерден айырмашылығы бар.

Сарапшы энергетикалық және газдалған сусындарды ішуге мүлдем кеңес бермейді.

Ол энергетикалық сусындарды күнде тұтынатын адамдарға кофеин, аспартан және тауриннің мөлшері адам ағзасында тез жиналатынын айтады. Бұл өз кезегінде психологиялық тәуелділікке, бұлшық еттердің әлсіздігіне және диабет ауруына шалдықтырады.

Энергетикалық сусынды аптасына бір рет тұтынса, ол зиян емес. Бірақ бұл пайдалы дегенді білдірмейді. Оның құрамындағы синтетикалық қант түрі саналатын аспартан адам бойына тәуелділік туындатады. Салдары уақыт өте келе адам бойында жалпы әлсіздік пен орталық ағза жүйелерінің зақымдануына алып келеді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы