Энергетика вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Құдайберген Берікұлы Арымбек энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Маңғыстау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастады.
2012-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешені мемлекеттік инспекциялау комитетіндегі басқармада сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарды.
2014-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болды.
2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінде департамент директоры қызметін атқарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы