Энергетика нарығының Орталық Азиядағы қолайлы үлгісі ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Орталық Азияның энергетика министрліктері, энергетикалық компаниялар және энергия жүйесінің операторларына арнап семинар өткізді.
Сіздер таңдаған модель келесі онжылдықта өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Ол энергия ресурстарының сауда көлемін арттыруға мүмкіндік беріп, аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал етеді, - деп атап өтті семинарды ашқан сәтінде USAID Орталық Азия миссиясының өңірлік директоры Крис Эдвардс.
USAID энергетикалық нарықтың таңдалған моделін енгізу және жол картасын әзірлеуде Орталық Азия елдеріне көмек көрсетуін жалғастырады.
Семинар мақсаты – аймақтық электр энергиясы саудасының артықшылықтарын талқылап, энергетика нарығының Орталық Азияда қолданысқа енгізуге болатын модельдеріне шолу жасау болды. Семинарға қатысушылар нарық қағидалары мен сәтті әлемдік тәжірибе мысалдарын талдап, электр энергетикасы нарығының балама үлгілерін қарастырды. Талқылау барысында олар Орталық Азия энергетикалық жүйесінің артықшылықтары мен ерекшеліктерін ескерді. Қатысушылар ұсынылған тұжырымдамалар мен модельдердің Орталық Азия контекстінде қаншалықта қолданысқа ене алатыны жайлы болжамдарын жасады.
2019 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өзара түсіністік туралы меморандумдарға және/немесе Орталық Азия өңірлік электр энергиясы нарығын қолдау жөніндегі іс-қимыл жоспарларына қол қойды. Осылайша, олар энергоресурстардың кеңейтілген сауда нарығын дамытуға дайындығын көрсетті. Сондай-ақ, аталған елдер USAID-тің қолдауымен техникалық, құқықтық және нарықтық мәселелер бойынша өңірлік жұмыс топтарын құрды. Өткен семинар Орталық Азия елдерінің нарықтық сұрақтар жөніндегі жұмыс тобының бірінші мәжілісіне айналып, өңірлік энергетика саласындағы ынтымақтастықты арттыруға жол ашты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматының ауасын тазартумен айналысатын қор құрылды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы