Энергетика министрлігінде қысқарту жүреді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қарамағындағы қызметкерлерінің саны 90 бірлікке қысқартылатынын айтты.
"Президенттің тапсырмасына сәйкес, министрліктің құрылымын және штаттық санын оңтайландыру бойынша, сондай-ақ ведомствоға бағыныстағы ұйымдар санын азайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Министрлік қызметкерлерінің саны бірінші тоқсанның аяғына дейін 90 бірлікке қысқаратын болады. Орталық аппарат бойынша департаменттердің саны 17 дейін, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың саны 11-ден 7-ге дейін қысқарады", - деп мәлімдеді Бозымбаев Энергетика министрлігінің алқа отырысында.Министр жауапты хатшы Қанатбек Сафиновқа тиісті жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ министрлік қызметінің тиімділігін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және оңтайландыруды тапсырды.
Назерке Абибулла
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде қанша адам газ пайдаланады
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы