Энергетика министрлігі "таза көмір" жобаларын іске асыруға кірісті

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ведомство Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын іске асыруға кірісіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, жоспарға шамамен 7,6 ГВт көмір генерациялау жобалары енгізіледі. Әсіресе экологиялық талаптарға сай “таза көмір” технологиялары негізіндегі жаңа жобаларға ерекше назар аударылады.

Жалпы қуаты 960 МВт болатын Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы үш жылу электр орталықтарының жобалары жоспарланған мерзімде аяқталады және олардың іске асырылуы министрліктің толық бақылауында болады. Әр жоба көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобада егжей-тегжейлі сипатталып, тіркеледі, - деді Ақкенженов.

Бұдан бөлек, 2026 жыл Мемлекет басшысының жолдауы аясында цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланған, сол себепті осы салада бірқатар ірі жобалар іске асырылуы күтіліп отыр.

Энергетика министрлігі деректерді өңдеу орталықтарының жоғары энергия сыйымдылығын ескере отырып, жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірге тұрақты және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда қуаттарды ұлғайту жөніндегі жоспарларды қайта қарауды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында көмір энергетикасын дамытудың маңызын атап өтіп, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың бұл мәселеге қатысты ұстанымымен келісетінін мәлімдеген еді. Сөзінше, Президент Трамптың көмір туралы сөзінде ақиқат бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы