13 Қазан 2026, 23:48 Фото: pixabay

Энергетика министрлігі Ресейдегі газ құбырындағы апатқа түсініктеме берді

Ресейдің жедел қызметтерінің мәліметінше, оқиғаға технологиялық процестің бұзылуы себеп болған.

Қазақстанға Ресейден газ жеткізу және еліміздің аумағы арқылы Өзбекстанға газ транзиті жоспарлы көлемде жалғасып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрінің кеңесшісі, ведомствоның ресми өкілі Әсел Серікпаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, газ жеткізу қолданыстағы келісімшарттар мен өтінімдерге сәйкес жүзеге асырылуда. Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінде ешқандай ауытқу тіркелмеген.

Аталған оқиға Қазақстан Республикасының тұтынушыларын газбен жабдықтауға әсер етпейді, – деді Серікпаева.

Сондай-ақ ол «Газпром» компаниясынан диспетчерлік арналар арқылы газ жеткізу режимін өзгерту туралы өтініш түспегенін атап өтті.

Бұған дейін Ресейдің Пенза облысындағы «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбырының бір учаскесінде жарылыс болып, артынша газ алаулап жанған.

Ресейдің жедел қызметтерінің мәліметінше, оқиғаға технологиялық процестің бұзылуы себеп болған.