Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімі бойынша мәлімдеме жасады
Қазақстан ОПЕК+ келісіміне бейілділігін растайды және ОПЕК+қатысушы елдермен бірлесіп қабылданатын шешімдерді қолдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ОПЕК + министрлік 37-ші кездесуі шешімінің қорытындысы бойынша Қазақстан өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын дайындады, оған сәйкес 2025 жылғы қыркүйекке дейін 1-ші жартыжылдықта асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді.
Қазақстан өз міндеттемелерін сақтау және белгіленген өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеу үшін бар күшін салады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан бұрын қабылданған ерікті міндеттемелерін 2025 жылдың соңына дейін ұзартты.
2024 жылдың маусым айындағы барлық қайталама өндіріс көздерінен толық деректер алынғаннан кейін ОПЕК Хатшылығына жаңартылған өтемақы жоспары ұсынылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
4-сынып оқушысы бассейнге құлап кеткен сәбиді құтқарды
Өзгелердің жаңалығы