Энергетика министрлігі Маңғыстау облысының электр станцияларына барды
2022 жылғы 13-14 қазанда Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС электр станцияларына және "Маңғыстау АЭК" АҚ электр желілеріне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Объекттерді аралау барысында алдағы жылыту кезеңіне дайындық аясында жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді.
"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС алдағы жылыту маусымына дайындық аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарланған болатын:
* қазандық агрегаттары - 3 бірлік - № 6 ЖЭО-1 ст.; № 2 ст., 8 ЖЭО-2;
* турбоагрегаттар – 2 бірлік - № 1, 10 ст., ЖЭО-2;
* энергоблок - 1 бірлік - ЖЭС № 1 ст.;
* қазандық қондырғылары-6 бірлік;
* ұзындығы 537 м.п.құбырлардың учаскелерін ауыстыра отырып, қаланың және өнеркәсіптік аймақтың магистральдық жылу желілері.
Қазіргі уақытта ЖЭО – 1 № 6 ст. қазандық агрегатын және ЖЭО-2 8 ст. қазандық агрегатын жөндеу аяқталды. Ұзындығы 537 м.п. құбыр учаскелерін ауыстыра отырып, қаланың және өнеркәсіптік аймақтың бойлерлік қондырғылары мен магистральдық жылу желілерін жөндеу толық көлемде аяқталды.
"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-те ЖЭС станциясында қазіргі уақытта №1 ст. энергия блогының жөндеу жұмыстары толық жүргізілуде.
Жұмыстар жұмыс жоспарына сәйкес және кестеге сәйкес жүргізілуде, жұмыстарды аяқтаудың жоспарланған мерзімі 2022 жылғы 31 желтоқсан.
Объектілерді аралап шыққаннан кейін Маңғыстау облысының тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтау мәселесі жөніндегі комитет басшылығымен Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдерінің, "KEGOC" АҚ "Батыс ЖЭЖ", "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС, "Маңғыстау АЭК" АҚ және "Өзенмұнайгаз" АҚ филиалдарының ӨДО басшыларының қатысуымен кеңес өтті.