Энергетика министрлігі КҚК теңіз терминалындағы жағдай туралы пікір білдірді

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, КҚК жүйесі арқылы Қазақстан мұнайын экспорттау қалыпты режимде жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта Қазақстан мұнайын КҚК жүйесі арқылы экспортқа тасымалдау және тиеу бекітілген кестеге сәйкес қалыпты режимде жүзеге асырылуда. 25 қарашадағы оқиғаға қатысты деректерге тоқталсақ, теңіз терминалының әкімшілік корпусы зақымданған. Аталған жағдай өндірістік процестің жүруіне әсер етпеген. Қазақстанға тиесілі учаскеде мұнай қабылдау тоқтаусыз жүргізілуде, – деп хабарлады министрдің кеңесшісі, Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікбаева.

Оның айтуынша, жағдай министрліктің тұрақты бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін КҚК теңіз терминалындағы ғимарат бүлінгені хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Каспий Құбыр Консорциумының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы