Энергетика министрлігі: бензин тапшылығына ешқандай себеп жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті.
Осылайша, бензин тапшылығына еш негіз бен алғышарт жоқ.
Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу WhatsApp-қа +7 777 999 52 18 телефон нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз. Энергетика министрлігінің мамандары ақпараттың растығын тексереді.
Нарықта жанар-жағармай материалдарының бағасы негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу әрекеттері фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әсет Ерғалиев еліміздегі инфляцияның алдын алу жоспарын айтты
Өзгелердің жаңалығы