Энергетика министрлігі: АЭС-тің экономикалық тиімділігі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев айтты.
Қазіргі таңда біз 114 млрд электр энергия шығарған болсақ, соның өзінде біз дефицитке тап болдық. Бар станциялардың күші 114 млрд энергия шығаруға мүмкіндік берді. Ал болжамға сәйкес, 2035 жылы 150 киловатт-сағат электр энергиясын өндіруміз қажет. Бұл экономиканың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, - деді Орталық коммуникациялар алаңыдағы брифингте Айдос Дәрібаев.
Дәрібаев АЭС-тің тұрақты энергия қуаттылғын сақтап тұру үшін қажет екенін жеткізді.
Қазір 30 жыл болған станцияларды қанша жамасақ та бізге 153 киловатт мүмкіндік бермейді. Станциялардың 70 пайызы көмір арқылы энергия өндіреді. Сондықтан қазіргі станцияларды 2035 ұстау мүмкіндігі жоқ. Жаңа генерация қажет. Оның ішінде жаңартылған энергия көздері керек, - деді Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры.
Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жаслан Қасенов атом электр стансасын салуға шамамен қанша қаражат кететінін айтты.
Оның айтуынша, жобаның қаржыландыру мәселесіне көп-жақты қарауға болады.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес, қуаттылығы 1000-1200 МВт болатын бір энергоблоктың құрылысына шамамен 5 миллиард доллар қажет. Бұған әсер етуші фактор көп. Мұны нақты қаржы анықталғаннан кейін келіссөздер кезінде айтуға болады. Ал қаржы шамамен осындай, - деді Жаслан Қасенов