17 Қыркүйек 2022 2022, 10:38

Энергетика министрі  Қарағанды облысына барды

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұмыс сапары шеңберінде Болат Ақшолақов келесі өндірістік объектілердің: «Kazakhmys Energy» ЖШС-ның Топар МАЭС-і, «Қарағанды» АГТС-і, «Қарағанды Энергоорталығы» ЖШС-ның 3-ЖЭО-сы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 2-ЖЭО-сы және №7 қазандық агрегатының құрылысы барысымен танысты.

Сондай-ақ министрдің өңір тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері өтеді, жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Теміртау қаласы әкімдігінің базасында брифинг ұйымдастырылады.