Энергетика министрі: Президент тапсырмалары отын-энергетика кешенін жаңғыртуға бағытталған
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаһандық жобалармен қатар іргелес салаларды негізгі ресурстармен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы міндеттер де шешілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мысалы қазақстандық зауыттардың өнімдерін жаңғырту және басым сатып алу есебінен жол-құрылыс саласын отандық битуммен толық қамтамасыз етуге қол жеткізілді.
Үкімет бекіткен Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025-2040 жылдарға арналған тұжырымдамасы ұзақмерзімді перспективаға бағытталған.
Барлық кешенді жұмыс Президент қойған басты мақсат – әрбір қазақстандықтың игілігі үшін жұмыс істейтін сенімді, заманауи отын-энергетика кешеніне негізделген қуатты және әртараптандырылған экономика құруға бағытталған, - деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
БҰҰ: 2025 жылы Ливаннан 378 мың сириялық еліне оралды
Өзгелердің жаңалығы