Энергетика министрі Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесу өткізді
Энергетика министрі Болат Ақшолақов «Әбу-Дабидің орнықты даму апталығы» саммиті шеңберінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің орнықты инфрақұрылым тобының басшысы Нандита Паршадпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы мәселелердің кең ауқымын, Қазақстанда ЕҚДБ энергетикалық жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады. Әріптестер Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту жөніндегі рөлін, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық тетігі арқылы ЖЭК объектілерін салуды таңдау жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар ЖЭК саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы уағдаласты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы