Энергетика министрі депуттарға жауап берді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев еліміздегі тозығы жеткен жылу энергетика орталықтарын қашан аралайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Мәжілісте депутаттар энергетика министрінің проблемалы өңірлерге бармайтынына наразы екенін білдірген еді.

Еділ Жаңбыршин депутаттардың сауалдарына нақты жауап бермеген Алмасадам Сәтқалиевтің жалпы отырысқа дайын емес екенін айтқан болатын. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке өңірлерді аралауға кеңес берді.

Ертең біз Солтүстік Қазақстан облысына баруды жоспарлап отырмыз. Бір аптадан соң Риддердегі ЖЭО-ға барамыз. Осылай, 1-2 аптада барлық энергетикалық нысанды аралауды жоспарлап отырмыз. Әсіресе, Қазақстан үкіметі деңгейінде шешім қабылдау талап етілетін тозған нысандарды, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы