Энергетика министрі АҚШ Қаржы министрлігімен Қазақстан үшін санкциялық тәуекелдерді талқылады

ҚР Энергетика министрі Ержан Ақкенженов АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) директоры Брайан Смитпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, тараптар кездесуде АҚШ-тың санкциялық саясатының Қазақстан экономикасына тигізуі мүмкін жанама әсерлерін барынша азайту және қолданыстағы шектеулер жағдайында серіктестермен өзара іс-қимылдың практикалық қырларын талқылады.

Бұған дейін Вашингтонда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан мен АҚШ арасында маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылғаны хабарлағанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы