Энергетика министрі АЭС салатын компаниялар әлеуетімен танысты

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев KazAtomExpo көрмесін аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеге Қазақстанға АЭС салуға ниетті шетелдік компаниялар қатысты. Олар: Сhina National Nucler Corporation, Korea Hydro & Nuclear Power Co, Électricité de France және Росатом. 

Компаниялар өкілдері министрге атом саласында қолданатын технологияларын таныстырды.

Көрмеге сондай-ақ отандық ҚазАтомӨнеркәсіп, Ядролық физика институты, Ұлттық ядролық орталық, Ядролық технологиялар паркі, KARLSKRONA LC AB сияқты атом өнеркәсібі саласындағы жетекші компаниялардың стендтері қойылып, атом энергетика саласының қазіргі жағдайы көрсетілді.

KazAtomExpo – Қазақстандағы ядролық технологиялар мен атом саласының дамуына арналған көрме. 

Бұл атом өнеркәсібінің қазіргі заманауи жағдайы және оның АЭС құрылысы түріндегі жаңа деңгейге өтуге дайындығы талқыланатын бірінші іскерлік алаң.

Айта кетейік, KazAtomExpo көрмесі EXPO халықаралық көрме орталығында өтіп жатыр. 27-28 тамыз күндері келушілерге есік ашық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы