Энергетика мен ТКШ саласындағы ұлттық жоба: Жаңғырту карталары әзірленеді

Қанат Бозымбаев Жобалық кеңсенің негізгі бағыттарын айқындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қанат Бозымбаев "Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны" (ЭКСЖ) жүзеге асыруға арналған Жобалық кеңсенің отырысын өткізді. 

Жиында заң шығару жұмыстары, жобаны қаржыландыру, сатып алулар тәртібі, отандық өндірушілерді қолдау және цифрландыру мәселелері бойынша есептер тыңдалды. 

Әкімдіктерге өңірлердің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша "Жаңғырту карталарын" әзірлеу тапсырылды. Бұл карталар негізінде салалық мемлекеттік органдар ТМС жобаларын олардың тозу деңгейін ескере отырып, жаңғырту тәртібін айқындайды. Одан кейін техникалық және қаржылық операторлар қажетті қаржы көлемінің алдын ала есептерін дайындайды. 

Қолжетімді қаржыландыру көлемі мен жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат ЭКСЖ-ні нақты жүзеге асыру жоспарын жасап, негізгі көрсеткіштердің (KPI) орындалуын тиімді мониторингтеуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы