Энергетика кәсіпорындарының күзгі-қысқы мерзімге дайындығы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкіметтің онлайн отырысында энергетика кәсіпорындарының күзгі-қысқы мерзімге дайындығы туралы айтты. 

Еліміздің біртұтас электр-энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен сенімді қамтамасыз ету мақсатында энергетика кәсіпорындарының күзгі-қысқы мерзімге дайындығы жалғасып жатыр. Жүйелік оператор бекіткен  кестеге сәйкес, электр станцияларындағы 5 энергоблок, 31 қазандық және 22 турбина жөнделді, - деді ол. 

Министр аталған электр станцияларындағы жөндеу жұмыстары жылыту маусымына әсер етпейтінін айтты. 

Жөндеу жұмыстары кешіктірілуі негізінен карантин кезеңінде  шетелден бөлшектердің жеткізу кідірісі мен мамандардың Қазақстанға өзге елдерден келуіне қатысты болып отыр. Бүгінгі таңда 25,152 шақырым электр желісі, 428 бірлік жоғары вольтті кіші станцияларды жөндеу жоспарланған. Электр желілерін жөндеу кестеге сәйкес аяқталады деп жоспарлануда, - деді ол.   

Министр электр станцияларында қажетті отын жинақтау жалғасып жатқанын айтты. 

Энергия көздері қоймаларындағы көмір қоры 4,5 млн тоннаны құрайды. Ал мазут 100,4 мың тоннаны құрап отыр. Қазандықтардың отын қоймаларында 1 млн 41 мың тонна көмір бар, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы