"Энергетик ішіп ауырған". Министр неге сусынға шектеу енгізілетінін түсіндірді
Үкімет баспасөзінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният неге 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы керегін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ғиният елімізде балалардың 9 пайызы энергетикалық сусындар мен тәтті сусындарды күнде ішетінін айтады.
Қазіргі таңда мәжілісте денсаулық сақтау саласына қатысты заң қаралып жатыр. Заң аясында вейптерге тыйым салу мен 21 жасқа жетпеген жасөспірімдерге энергетикалық сусындарды сатпау жөнінде нормалар қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл нормаларды құптап отырмыз, – деді министр.
Денсаулық министрінің түсіндіруінше, 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер энергетикалық сусындарды ішкенде оның шегін білмей қалады, ал одан ересектер өз денсаулығына өздері қарауды біледі.
Біз қандай да заңға өзгеріс енгізгенде әлемдік тәжірибені, ДДСҰ-ның кеңесін және жүргізілген ғылыми зерттеуге сүйенеміз. Бұл деректерде энергетикалық сусынды көп ішсе денсаулыққа зиян екені дәлелденген, – деді Ажар Ғиният.