Енді жүргізуші куәлігін алу қиындайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин айтты.
Сүйеніш Әбділдин атап өткендей, мамандандырылған ХҚКО-да танымал қызмет түрі – жүргізуші куәліктерін беру.
Кейбір азаматтар теориялық емтихан тапсырудың түрлі жолдарын іздейтіндері жасырын емес. Мысалы, орнына бөгде адам емтихан сыныбына кіргізуі, әртүрлі гаджеттер мен шпаргаркалардың басқа түрлерін қолдануға тырысады, - дейді ол.
«Азаматтарға арналған үкімет» өкілінің сөзінше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында осы жылдың сәуір айында Алматыда Ustudy-мен бірлесіп теориялық емтихан тапсырудың пилоттық жобасы іске қосылды.
Бұл пилоттық жобада емтихан сыныбына кіретін азамат металл детектордан, аудио-бейне фиксациядан және биометриялық сәйкестендіруден өтеді. Пилоттық жобаны енгізгеннен кейін Алматыда емтихан тапсыруға өтініш білдіру саны күніне 6 есеге, яғни 532-ден 88-ге дейін, ал емтихандардан өткендердің үлесі 36,6%-дан 15,5%-ға дейін, яғни 2 есеге төмендегенін байқауға болады, - деп түсіндірді Әбділдин брифингте.
Биыл маусым айының соңында бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласында да іске қосылды. Жыл соңына дейін бұл жобаны Қазақстан бойынша ауқымды ету жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аллергиктер коронавирусқа жиі шалдығады – маман
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы