Енді жолаушылар пойызындағы ортақ вагондарда жүруге болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жолаушылар пойыздарының ортақ вагондарында жүруге тыйым салынды. Бұл ҚР бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында жазылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы: жұмыс поездарын қоспағанда, жолаушылар пойыздарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмасын», - делінген қаулыда.

Қазақстанның бас санитария дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды

Қаулы 2021 жылы 13 қыркүйекте күшіне енеді. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы