Енді жолаушылар «Нұрлы жол» вокзалына Ashyq арқылы ғана кіреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Нұрлы жол» вокзал кешенінде Ashyq жүйесі тест режимі түрінде енгізілді. Вокзал кешенінің менеджері Батырхан Әбдікәрім жүйенің қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына байланысты 17 маусымнан бастап «Нұрлы жол» вокзал кешенінде Ashyq кіргізу жүйесі енгізіледі.


 

Вокзал өкілінің сөзінше, барлық жолаушы кіреберісте тұрғын QR-кодты сканерлеу арқылы вокзал кешеніне кіреді. QR-кодты сканерлеу үшін Ashyq, Kaspi.kz, Homebank немесе Aity қосымшаларын пайдалануға болады.

Егер жолаушының мәртебесі «қызыл» немесе «сары» түсті болса, онда ол жолаушылар вокзалға кіргізілмейді. Сонымен қатар шетелдік азаматтардың мәртебесі де қосымша арқылы тексеріледі. Шетелдік жолаушы паспортының нөмірін айтса жеткілікті, - деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балалар Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес тексеруден өтпейді. Батырхан Әбдікәрім жолаушылардан алдын ала өзінің мәртебесін қосымшалар арқылы тексеруді ұсынды.

Егер Ashyq-та шығарып салушылар мен күтіп алушылардың мәртебесі «жасыл» және «көк» болса, онда олар вокзал кешеніне еш кедергісіз кіргізіледі, - дейді вокзал менеджері. 



Еске сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq жүйесі елдегі теміржол вокзалдарында да енгізілетінін мәлімдеді.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы