Енді жиырма жылдан кейін елдегі су мәселесі күрделене түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары» атты  Мәжілісте өткен Парламенттік тыңдауда Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты. 

Халық саны мен мал басының өсуі мен өндіріс ошағының көбеюін ескеріп, су тұтыну көлемі 29,7 текше киллометрге дейін ұлғаяды деп болжануда. 2030 жылға қарай ішкі өзен ағыны 102,3-тен 99,4 текше киллометрге дейін қысқарады. Оның ішінде шектес елдердің келетін ағыны 47,8-ден 46,5 текше киллометрге дейін қысқаруы мүмкін. Осыған байланысты су тапшылығы 23,2 текше киллометр. Егер су тайдалану тиімділігі өспесе, 2040 жылға қарай елімізді сумен қамтамасыз ету жағдайы қайтымсыз нашарлауы мүмкін, – деді ол.

Сонымен қатар, министр елдегі су тапшылығы өзендердің қарқынды ластануымен күрделене түскенін және техногенді ластанған өзен-көлдерді атады. 

Былтырғы жылы бақылау қорытындысы бойынша 32 су объектісінде су сапасы нашар, ал 28 су объектісінде өте нашар сынапқа жатқызылды. Су сапасын төмендетіп техногенді ластаған Балқаш, Алакөл, Арал, Сырдария, Ертіс және Тобыл-Торғай бассейні бірінші кезектегі проблема. Су сапасы одан ары төмендеуі және су ресурсына жүктеме көбею экожүйенің тепе-теңдігінің  бұзылуына әкелуі мүмкін. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы