Енді жерлестеріміз автокөлік тарихын eGov.kz арқылы тексере алады

еGov.kz порталында енді автокөлік сатып алмас бұрын, ол туралы ақпаратты тексере алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Авто тарихы" қызметі проблемалардың алдын алуға және барлық мәселелерді нақтылауға көмектеседі.

Тексеру үшін әлеуетті сатушыдан машинаның мемлекеттік нөмірін және техникалық паспорт нөмірін сұратып алу қажет.

"Авто тарихы" сервисі келесі ақпаратты көрсетеді:

- автомобиль маркасының атауы және шығарылған жылы;

- қозғалтқыштың көлемі, шанақтың түсі және қосымша орнатылған жабдықтың болуы;

- ҚР аумағында автокөлікті алғашқы тіркеу күні;

- иелері туралы дербес деректерді көрсетпей, автокөлікті қайта тіркеу күндері бар алдыңғы иелердің жалпы саны;

- көлік құралына кепілдің немесе мүлік ауыртпалығы болуы.

Ақпаратты алу үшін пайдаланушы eGov.kz порталына кіруі керек. "Авто тарихы" сервисіне өткеннен кейін машинаның мемлекеттік нөмірін (МТНБ) және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің (КҚТК) нөмірін енгізу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы