Енді жеке тұлғалар шетелден жүк көліктері мен автобустар әкеле алмайды

Бүгіннен бастап қазақстандықтар шетелден жүк көліктері мен автобустарды кіргізе алмайды. Еуразиялық экономикалық комиссияның көлік әкелу тәртібін өзгерту туралы шешімі күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолаушы саны 12-ден асатын автобустар мен салмағы 5 тоннадан жоғары жүк көліктерін тек заңды тұлғалар мен компаниялар импорттай алады. Ал жеке азаматтар бұрынғыдай жеңіл көлік, мотоцикл және шағын техниканы тіркеуге құқылы. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, бұл жаңашылдық елдегі көлік қауіпсіздігін арттырып, ішкі нарықты реттеуге бағытталған.

Бұрын жеке адамдар шетелден коммерциялық көліктерді, жүк көліктерін, халықаралық бағытта жүретін автобустарды, кран, бетон араластырғыш секілді түрлі құрылыс және арнайы техникаларды әкеле алатын. Енді мұндай техниканы жеке тұлғалар өз атына рәсімдеп кіргізе алмайды. Тек жеке кәсіпкер ретінде ғана әкелуге рұқсат, – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Әділбек Бектібаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы