+18

Енді жаңа жеке куәлікті үйден шықпай жасайсыз

Жеке куәлікті алу толығымен онлайн форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ең сұранысқа ие қызметтердің бірі - жеке куәлікті ауыстыру. Бұрын азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталығына келуі, фото түсіруі және ұзақ кезекте тұруға мәжбүр еді. Айдың соңына дейін бұл процесс толығымен онлайн форматқа көшіріледі, – дейді Мәдиев.

Министрдің айтуынша, процесс сәтті сынақтан өткізілген. Ал фотосуреттің талаптарға сәйкестігін маманның орнына AI-модель бағалайтын жүйе әзірленіп жатыр.

Процесс барынша қарапайым: идентификациядан өту, фото мен қолтаңбаны жүктеу, онлайн төлем жасап, құжат дайын болғаны туралы SMS күту.

Кезексіз, бармай-ақ, бәрі үйден шықпай жасалады. Аталған сервис шамамен 1 миллион азаматтың Халыққа
қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігін жояды. Қорытындылай келе, айтылған жоспарлардың барлығы әрбір қазақстандықтың мүддесіне сай мемлекеттік қызмет көрсету саласына оң әсер етеді деп санаймын, – дейді Цифрлық даму министрі.

Еске сала кетейік, енді кез келген азамат мемлекеттік нөмір арқылы көлік иесіне аноним хабарлама жібере алатыны туралы осыған дейін жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы