Енді запастағы әскери қызметшілерге жалақы төленеді

Әскери резервке кіру үшін мерзімді әскери қызметтен өту немесе әскери кафедрада оқу қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда запастағы әскери қызметшілерге ай сайын ең төменгі жалақы төленеді. Бұл норма әскери резерв қызметіне қатысты заңға енгізілген өзгерістерде қарастырылған, - деп мәлімдеді сенатор Сергей Ершов.

Жауынгерлік дайындық жиындары немесе дағдарыс жағдайларындағы жиындар кезінде жұмыссыз әскери резервистер ең төменгі жалақы алады. Ал жұмыс істейтіндерге – жұмыс орнындағы орташа айлық жалақы төленеді, және олардың қызмет орны сақталады.

Заңға енгізілген түзетулер әскери резервке қабылданатын адамдарға қойылатын талаптарды да белгілейді, соның ішінде:

• қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттердің, білім деңгейінің болуы;

• жас шектеулері (қатардағы және сержанттар үшін – 18-47 жас, офицерлер үшін – 57 жасқа дейін);

• міндетті түрде мерзімді әскери қызметтен өту немесе әскери кафедрада, сондай-ақ әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындықтан өту.

Резервтегі әскери қызмет туралы келісімшарттың мерзімі, оны жасау тәртібі және оқу-жаттығулар өткізу тәртібі анықталады. Келісімшарт үш жылға ерікті түрде жасалады, ал жауынгерлік дайындық бойынша оқу-жаттығулар жылына 60 күннен аспайды, оның ішінде ай сайын үш күнге дейінгі сабақтар өтеді, – деді депутат.

Алайда резервистерге тұрғын үй мен тұрғын үй төлемдері қарастырылмаған. Оларды қамтамасыз етуге арналған шығындар бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, резервистер толық көлемде медициналық қызмет, тамақпен қамту және жарақат алған жағдайда бір реттік өтемақы ала алады. Егер олар оқу-жаттығу кезінде қаза тапса, олардың мұрагерлеріне 500 АЕК (1 966 000 теңге) мөлшерінде өтемақы төленеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы