Енді ТЖ кезінде шара қолданбаған лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында белгілі болды. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Заң жобасы бойынша Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев баяндама жасады. 

Заң жобасы күштік органдары қызметін жетілдіру және төтенше жағдай кезіндегі және өзге де ахуалды мәселелерді шешуге арналған бірақтар түзету енгізуді көздейді. Қызмет міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қызметкер мен оның жақындары туралы деректер заңсыз жинағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі, - деді ол. 

Шындалиев атағандай, күштік құрылым басшыларының жауапкершілігі күшейтілетінін айтты. 

 Енді төтенше жағдай кезінде лауазымды адамдар, күштік органдардың басшылары ешқандай шара қолданбай, азаматтардың құқықтарын, қоғамдық тәртібін бұзуына жол берген болса, қылмыстық жауапқа тартылады. Сонымен қатар өз міндетін орындаудан бас тартқан немесе жалтарған қызметкерлерге де осындай жаза қолданылады, - деді Шындалиев. 

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданып, екінші оқылымда қаралады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы