Енді Түркияның әр ауданында тұратын шетелдіктердің үлесі 20 пайыздан аспайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия шетелдіктерге тұруға рұқсат беруді шектеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Мемлекеттік шенеуніктің айтуынша, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Түркияның әр ауданында шетелдіктердің үлесі 20 пайыздан аспайды. Мигранттарды қоныстандыру үшін шамамен 1,2 мың тұрғын үй жабық болады. Ол Түркиядан баспана іздегендерге де қатысты.

Сонымен қатар, министр заңсыз көші-қонның жолын кесу туралы айтты. 

Біз шекарада Түркияға 2 626 170 адамның кіруіне жол бермедік және соңғы алты жыл ішінде ел ішінде 1 246 000 иммигрантты ұстадық, - деді Сүлейман Сойлу.

Ол шекара шебінде қабырға тұрғызу Түркияға 8 миллион заңсыз мигранттың кіруіне жол бермегенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы