Енді туристер Бурабайды тікұшақпен аралай алады

Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ-да өткен брифингте 2025 жылдан бастап туристер Бурабайды тікұшақпен аралай алуы үшін жаңа саяхат түрі іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақмола облысы – еліміздің тек астықты аймағы емес, сонымен қатар, өзінің сұлу табиғатымен – Бурабай, Зеренді курорттық аймақтарымен, Қорғалжын қорығымен танымал. Бурабай курорты өңірде туризмді дамытудың негізгі көшбасшысы саналады, - деді Ахметжанов.

Әкімнің сөзінше, бұл аймақ Алматы және Маңғыстау облыстарының туристік дестинацияларымен қатар, елімізде туризмді дамытудың үш негізгі орталықтарының бірі ретінде белгіленген.

Президент алға қойған міндеттер аясында Үкіметпен бірлесіп, Бурабай курортының жаңа концептін құру бойынша 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Бурабайда биыл алғаш рет "Атырау Авеню" демалыс аймағы және "Тары Бурабай" этно-рестораны ашылды. Шағын авиацияны дамыту аясында келесі жылдан бастап курорттық аймақта тікұшақпен шолу саяхаттары іске қосылады, - деп атап өтті облыс басшысы брифингте.

Айтуынша, инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін курорттық аймақ елді мекендерінің бас жоспарлары цифрландырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы