Енді терапевтің жолдамасынсыз мамандардың қабылдауына жазыла алады
Денсаулық сақтау министрлігі емханада медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін бұйрықтар мен стандарттарға өзгерістер енгізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап мыналар жоспарлануда:
- жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулар тізбесін 42 зерттеуге қысқарту
-олардың қолданылу мерзімін 10 күннен 14 күнге дейін және 1 айдан 3 айға дейін арттыру
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап:
- бейінді мамандарға тікелей жүгіну тәсілдері жетілдірілетін болады. Пациент келесі жағдайларда жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз бейінді мамандарға жүгіне алады:
1) шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;
2) шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;
3) дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;
4) тіркелген жері бойынша акушер-гинекологқа және психологтың қабылдаулары;
5) онколог және онкогематологтың қабылдаулары;
6) диспансерлік есепте тұрған пациенттерді кардиолог эндокринологтың, офтальмологтың, невропатологтың, хирургтің қабылдаулары;
7) оны тағайындау бойынша бейінді маманның қайта қабылдауы;
8) Жастар денсаулық орталықтарында мамандардың қабылдауы;
9) жылжымалы медициналық кешендер мен басқа да мобилдік қызметтердің қызмет көрсетуі кезінде жүзеге асырылады.
Сәуір айынан бастап динамикалық бақылау тәртібі және жалпы практика дәрігері мен бейінді мамандардың бірлескен жұмыс алгоритмі қайта қаралады, бұл мультидисциплиналық тәсілді қамтамасыз етеді. Осы жұмыстың шеңберінде зерттеулерді жүргізудің еселілігі мен көлемі әрбір пациент үшін жеке тәртіппен айқындалатын болады