"Енді тәртіп бұзғандар кешірім сұрамайды". ІІМ жаңа тәртібін айтты

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, ведомство ақпаратты беру тәсілін жетілдіріп жатыр.

Құқық бұзушыны көпшілік алдынан кешірім сұрату форматынан толық бас тартамыз. Себебі, олар бәрібір жауапқа тартылады. Бірақ қоғамда біз оларды жауапкершіліктен босатқандай көрінеміз. Енді оның орнына олардың қоғамдық жұмыстарды қалай орындайтынын көрсетеміз. Ондағы негізгі мақсат – көпшілік алдында ұялту. Осылайша, біз кінәлі адамның қоғамдық жұмыстарды қалай орындайтынын, заң алдында бәрінің тең екенін, жазаның бұлтартпаушылық принципі қалай орындалатынын көрсетеміз. Яғни видео, фотоға түсіру және әртүрлі тәсілдер арқылы, - деді Шыңғыс Алекешев.

Алекешев енді танымал адамдар заң бұзса, олардың жазасын қалай өтеп жатқаны көпшілікке көрсетілмек.

Егер белгілі адамдар заң бұзып, соттың шешімімен қоғамдық жұмыстарға тартылса, неге мұны істемеске? Оларды да көрсетеміз, - деді ресми өкіл ІІМ өткен кездесуде. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы