"Енді соғыс болмасын" – Жаңа Рим Папасының бірінші Жолдауы

Жаңа Рим Папасы Лев XIV өзінің алғашқы үндеуінде Украинада "әділ және ұзақ бейбітшілік" орнатуға және Газа секторында дереу атысты тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

XIV Лев Ватикандағы Әулие Петр алаңына жиналғандарға балконнан сөз сөйлеп: «Енді соғыс болмасын» деген үндеумен ұлы әлемдік державаларға тағы да үндеу тастағанын мәлімдеді.

Мен сүйікті украин халқының қайғысын жүрегімде сақтаймын, - деді Рим Папасы соғыс тұтқындарын босатуға және украин балаларын отбасыларына қайтаруға шақырды.

Лев XIV сондай-ақ соғыс туралы айтып, Газа секторындағы ұрысты тез арада тоқтатуды, "шаршаған бейбіт тұрғындарға" гуманитарлық көмек көрсетуді және "барлық кепілдегілерді босатуды" талап етті.

Рим Папасы Үндістан мен Пәкістан арасындағы атысты тоқтату келісімін де құптады.

Жаңа понтификтің алғашқы үндеуін тыңдау үшін алаңға 100 мыңға жуық адам жиналды.

Айта кетейік, 8 мамырда өткен конклавта жаңа папа сайланды.Тарихтағы 267-ші папа америкалдық Роберт Превост болды. Ол Рим-католик шіркеуін басқарған алғашқы америкалық болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: AP
Өзгелердің жаңалығы