Енді шетелден келгендер екі күндік карантинге жатқызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді шетелден ұшып келгендер 2 күндік карантинге жатқызылады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері осындай қаулы шығарды. Ал өзге елден келгендердің анықтамасы болса, оқшауланбайды. Бұл анықтама мерзімі 5 күнге ғана жарамды.

Жеке көлігімен келетіндер де бақылау-өткізу бекеттерінде тест тапсырады. Тексеру кезінде жолаушыдан коронавирус анықталса, ол бірден ауруханаға жатқызылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы