Енді Самарқандқа Түркістан арқылы ұшуға болады

Самарқанд-Түркістан бағыты бойынша әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 қазаннан бастап Түркістан халықаралық әуежайы «Silk Avia» әуе компаниясының демо-рейсін қарсы алып, Самарқанд-Түркістан бағыты бойынша алғашқы рейсін орындайды.

Ұшу уақыты - 1 сағат 20 минутты құрайды. Билеттердің құны - бір бағытқа 36 мың теңгеден басталады. Тариф бойынша 5 келі қол жүгі және 20 келі багаж қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы