Енді қазақстандықтар салықты бір тетікті басу арқылы төлейді
Алдағы уақытта елімізде салық төлеу оңайлатылған режимде – ешқандай тетікті баспастан әдепкі қалып бойынша жүргізілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
Айтуынша, жаңа Салық кодексін жасаудағы басты мақсат - салық төлеуді жеңілдету.
Біз салық формаларын толтыру, салық төлеуді жеңілдету, салық пен салық формаларының санын қысқартудан тұратын жаңа тәсілдерді, сондай-ақ есеп толтырған кезде форматтық-логистикалық бақылау бойынша қызметтерді ұсынатын боламыз. Мұның барлығы қазіргі уақытта салық төлеушіні міндеттейтін, банк шоттарын шектеу сынды камералық бақылау хабарламаларын алып тастауға жол ашады. Яғни салық төлеуші тіркелген сәттен бастап фискалдық сүйемелдеу қағидатымен іске асырылады, - деп түсіндірді ведомство басшысы елордада өтіп жатқан ТМД Салық қызметтері басшылары үйлестіру кеңесінің 30-шы отырысының кулуарында берген сұхбатында.
Сонымен қоса вице-министр салық төлеуді жеңілдету үшін банк жүйелерімен бірігіп жұмыс істейміз деп отыр.
Біздің ең бірінші міндетіміз - бір шерту арқылы салық төлемін жүргізу. Салық төлеуші үшін бәрін өзіміз толтырып, оның дұрыстығы туралы хабарлама алып, онлайн-режимде төлемді жүргіземіз. Болашақта салық төлеу ешқандай тетікті баспай-ақ әдепкі қалып бойынша жүргізілуіне қол жеткізуді қолға аламыз, - деді Ержан Біржанов.