Енді қазақстандықтар Өзбекстанның туристік аймағына тікелей ұша алады
Qazaq Air Түркістан-Самарқанд әуе рейстерін ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әуе компаниялармен бірлесіп Қазақстанға рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Биылғы жылдың 15 наурызынан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет (жұма, жексенбі күндері) De-Havilland Dash 8-Q400 типті әуе кемелерінде орындалады, - делінген Азаматтық авиация комитеті таратқан хабарламада.
Әуе қатынасының артуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елде ауқымды сейсмикалық жаттығу өткізіледі
Өзгелердің жаңалығы